Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Көпір құрылысы қарқын алды

0 153

Тараз қаласының 2023-2025 жылдарға арналған Даму картасына сәйкес шаһарда өзекті болып отырған біраз мәселе өз шешімін тауып келеді. Біріншіден, көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру, көлік жолдарындағы жүктемені азайту мақсатында көпір құрылысын салу жұмыстары басталды.

Осыған орай мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке 16,9 миллиард теңгеге өтінім ұсынылды.

Бүгінгі таңда құрылыс аумағындағы 58 тұрғын үйдің 30-ы сүріліп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Қалған үйлерді бұзу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мердігер тарапынан айналма жолдарға яғни Малобесағаш, Сыздықов, Жібек жолы көшелерінде асфальт төселіп, Жібек жолы – Малобесағаш көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылды.

Қазіргі таңда Абай даңғылының теміржолдан арғы бөлігінде асфальт жабындысы алынып, көпірдің тірек қабырғаларын орнату мен инженерлік

желілер ауыстырылып жатыр.

Еркін Сайын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.