Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынұдың кейбір мәселелері туралы

0 387

ЕАЭО кеңесінің «Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда төмендетілген кедендік әкелу баждарының ставкасы қолданылатын тауарлардың тізімі және осындай баж ставкаларының көлемі туралы»  2015 жылғы 14 қазандағы № 59 Шешімімен мұндай тауарлардың тізімі анықталған. Бұл тізімге ДСҰ ставкалары бойынша әкелінетін тауарлар енгізілген. Бұл тауарларға, әдетте, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге әкетуге тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетелдік тауарларға ие және (немесе) оларды пайдаланатын тұлғалар жартыжылдықта бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 ақпаннан және 5 тамыздан кешіктірмей тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органына шетелдік таурларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифымен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу бажының ең төмен мөлшерлемесі қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша есепті ұсынады.

Есепті белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 539-бабы бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Кеңес беру сұрақтары бойынша Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Төле би даңғылы, 36 үй мекенжайы 87262455008 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.