Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Көше жарығы мен су жүйелеріне бөлінетін қаражат артады

0 154

Т.Рысқұлов ауданының әкімдігінде аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Кеңесте Мансап орталығының биылғы алты айда атқарған жұмыстары мен ауылдық округтердегі инспекторлық зерделеу нәтижелері қаралды.
Ағымдағы жылы 2000 адамды жұмыспен қамту жоспарланғанымен, көрсеткіштердің төмен екені атап өтіліп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігі ескертілді.
Аудан көлемінде көше жарығы мен су жүйелерін ұстауға өткен жылы 509 млн. теңге жұмсалса, биыл бұл қаражат 600 млн теңгеден асады деп күтілуде. Округ әкімдеріне жарық жүйесін тиімді пайдалану арқылы артық шығынға жол бермеу тапсырылды.
Кеңес соңында балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қараусыз қалған, құрылысы аяқталмаған нысандар мен су айдындарына ескерту тақтайшаларын орнату және халықты ақпараттандыру шараларын күшейту міндеті жүктелді.
Кеңес қорытындысында нақты тапсырмалар берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.