Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Сапалы сумен қамту – жауапты жұмыс

0 117
Мемлекеттік саясатты іске асыру, елдімекендердің тұрмыс-тіршілігімен танысу мақсатында бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрым Сарысу ауданына келді. Мәжіліс депутатын аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов қарсы алды. Іс-шараға сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, облыстық мәслихат депутаты Айтбала Жолмаханова, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев, мекеме, бөлім басшылары қатысты.
Мемлекеттік саясаттың негізгі тетіктерінің бірі – сапалы білім беруге қолайлы жағдай жасау. Бүгінде үкімет тарапынан түрлі қолдаулар жасалып келеді.
Осы ретте, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрым Жаңаарық ауылдық округі, Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы «Сарысу» орта мектебіне ат басын бұрды. Аталмыш мектеп 1972 жылы ашылып, пайдаланылуға берілді. Мектеп 200 оқушыға арналған. Мектепте 167 оқушы, 7 тәрбиеленуші бар. Балалардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған шахмат, волейбол, тоғызқұмалақ және асық ату үйірмелері жұмыс жасайды. Мектептің болашағы жарқын, оқушылары білімнің биігінен көрініп жүр.
Мәжіліс депутатына мектеп басшылығы мектепке су кіргізу, акт зал соғу сынды мәселелерді көтеріп, өзектілігіне тоқталды. Ауылдық округтегі аядай мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.
Мәселенің мән жайын ұққан Гүлдара Алданышқызы шешілу барысын талқылап, тиісті шаралар қабылданатынын айтты.
Іссапары барысында Мәжіліс депутаты емхананың жұмысымен де танысты. Бүгінде Саудакент ауылдық бөлімшесі 1987 жылы салынған, 3 қабатты ғимарат. Жалпы алаңы 2559,3. Мекен-жайы Саудакент ауылы Қаныш Сәтбаев көшесі № 29 мекенжайда орналасқан. Саудакет бөлімшесі бойынша, емхана, терапия бөлімі, балалар бөлімі, жұқпалы аурулар бөлімі жұмыс жасайды. Емхана-1, 100 келушіге арналған.Жалпы тәжірбиелі дәрігерлер 3- аймақ бар. Терапия бөлімі-12 төсек; Балалар бөлімі-4 төсек; Жұқпалы аурулар бөлімі барлығы 15, ересектер төсегі-10, балалар төсегі-5 Саудакент ауылында «Халықты тіркеу жүйесі» (РПП) бойынша тіркелген тұрғындар саны – 4174.

Емханаға келушілер Мәжіліс депутатына ұсыныс тілектерін айтып, бірқатар мәселелерді қозғады. Тұрғындардың тілегін тыңдаған Гүлдара Алданышқызы Заң аясында жауап беріп, мәселелердің оң шешімін табуға ықпал ететіндігін айтты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Алданышқызы Жаңатас қаласындағы апатты деп танылған «Болашақ» бөбекжай бақшасында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінде ЖШС «Тараз Прогресс» 2025-04-04ж. бастап өз жұмыстарын орындауда, келісім шарт бойынша жұмыс басталу актісіне қол қойған күннен бастап 6 ай мерзім ішінде жұмыстары толық аяқталады деп жоспарлануда. Бүгінде құрылыс жоғары қарқынмен іске асып жатыр.
Өз кезегінде Гүлдара Алданышқызы күрделі жөндеу жұмыстарына оң бағасын беріп, мердігерге құрылысты сапалы аяқтауды жүктеді.
Мемлекеттік саясаттың негізгі тетіктерінің бірі – сапалы білім беруге қолайлы жағдай жасау. Бүгінде үкімет тарапынан түрлі қолдаулар жасалып келеді.
Осы ретте, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрым Жаңаарық ауылдық округі, Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы «Сарысу» орта мектебіне ат басын бұрды. Аталмыш мектеп 1972 жылы ашылып, пайдаланылуға берілді. Мектеп 200 оқушыға арналған. Мектепте 167 оқушы, 7 тәрбиеленуші бар. Балалардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған шахмат, волейбол, тоғызқұмалақ және асық ату үйірмелері жұмыс жасайды. Мектептің болашағы жарқын, оқушылары білімнің биігінен көрініп жүр.
Мәжіліс депутатына мектеп басшылығы мектепке су кіргізу, акт зал соғу сынды мәселелерді көтеріп, өзектілігіне тоқталды. Ауылдық округтегі аядай мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.
Мәселенің мән жайын ұққан Гүлдара Алданышқызы шешілу барысын талқылап, тиісті шаралар қабылданатынын айтты.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.