Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Мәселе шешілуімен мәнді

0 439

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бастамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапты.

Аталған тұжырымдама негізінде билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Яғни, шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуға тиіс. Соның нәтижесінде бұқараның базынасы билікке тікелей жетуде.
Жолдау жүктеген осы міндетті мінсіз орындау мақсатында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен тұрақты түрде қабылдауда.
Кеше шаһар басшысы бұқараның тағы бір легіне қоғамдық қабылдау өткізіп, олардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жер кезегі, тал кесу мәселесі бойынша сауалдар қойды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту, көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмысын жүргізу бойынша мәселелер көтерді.
Қала тұрғындарының сұрағын тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешім қабылданатынын айтты.
– Қабылдауға келіп, ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Көтерілген мәселелерге қатысты жауапты сала мамандары әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады, – деген шаһар басшысы қабылдауда айтылған өтініштердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

Еркін САЙЫН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.