Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдықтар – жүлдегерлер қатарында

0 1  897

Жуырда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында тірек қимыл аппараты, көру органдары зақымдалған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VІІ спартакиадасы өтті.

Спорттың сегіз түрінен өткен аламанға еліміздің өңірлерінен 200-ден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында Тараз қаласынан 17 азамат қатысса, оның ішінде №5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының атынан Александр Вольф («Ізгілік» бөлімі), Агирим Абенова («Қарлығаш» бөлімі) және Захида Сабырова («Мейірім» бөлімі) өз үлестерін қосты. Оларға еңбек, дене шынықтыру инструкторы-медбике Анар Айдарбекова мен жаттықтырушы Бақытжан Байдосов сүйемелдеуші болды.
Параүстел теннисінен өткен жарысқа орталық-тың үш қызмет алушысы да қатысты. Жекелей, жұптық және аралас топтар түрінде ұйымдастырылған бәсеке нәтижесінде А.Вольф – сегізінші, А.Абенова – алтыншы, З.Сабырова –төртінші орынға ие болды. Орталықта 2015 жылдан бері ем қабылдап жатқан бұл азаматтар – ІІ топ мүгедектері. Соған қарамастан өңір мен орталықтың атағы үшін бар күшін жұмсаған қызмет алушылардың еңбегі ерен екенін айта кеткен жөн.
Айтулы аламанның марапаттау рәсімі есте қаларлықтай өтті. Спартакиада жеңімпаздарын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов марапаттады.
Орталықтың қызмет алушылары жарыстан бос уақытында жергілікті мешіт, хайуанаттар паркін, қалалық саябақты аралап, Ертіс өзенінің жағалауында серуендеп, естелік суретке түсті.
Осылайша Өскеменде өткен спартакиададан олжалы оралған спортшылар орталық директоры Балабек Нарбаевқа қаражат қарастырып, көмек көрсеткені үшін алғысын айтты. Олар Паралимпиада ойындарына да қатысуға дайын екенін жеткізіп, жүлделі орындар алып, мекеменің атын шығаруға уәде берді.

Гулжан КОПЕЕВА,
№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы
директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.