Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қала құрамасы қарсылас шақ келтірмеді

0 2  190

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау», – деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Осыңан орай, Таразда «Ұлан» стадионында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, облыс көлемінде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған  дәстүрлі облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыс жыл сайын мемлекеттік қызметкерлердің арасында дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Спартакиадада мемлекеттік қызметшілер ләңгі, армрестлинг, жүзу, арқан тарту, секірмек, гір тасын көтеру, жеңіл атлетика және қазақ күресінен  сынды спорт түрлерінен өзара кіл мықтыны анықтады.

Іс-шараға облыстың барлық аудан-қалаларынан және басқармалардан, департаменттерден құралған мемлекеттік қызметшілер командалары қатысты.  Әр команда өз мекемесінің намысын қорғап, әділ әрі тартысты бәсекеде бақ сынады.

Тартысты додада I орынды Тараз қаласы құрамасы еншілесе, жүлделі II орынды облыстық аумақтық инспекциясы құрамасы қанжығалады. Ал үздік  үштікке Жуалы ауданы құрамасы мен Шу ауданы құрамасы табан тіреді. Сондай-ақ жарысқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.