Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Таразда Айша бибіге ескерткіш қойылады

0 291
  1. Конкурстың мақсаты:

Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияға ұсыныс енгізу және Айша бибі тұлғасының тарихи-мәдени маңызын насихаттау мақсатында, көркем сәулеттік-мүсіндік композиция жасау арқылы «Айша бибі» ескерткішінің үздік тұжырымдамалық мүсіндік көркемдік шешімін анықтау. Байқау қорытындысы бойынша үздік аталған жобаны іске асыру.

  1. Конкурстың бағдарламасы:

Айша бибі – махаббат пен адалдықтың символы. Мүсінде нәзіктік, рухани тазалық, сабыр мен даналық көрініс табуы тиіс. Киімі ұлттық нақышта – оюлы қамзол, ұзын көйлек, сәукеле болуы мүмкін. Атап айтқанда, кейіп оның тарихы мен аңыздық сипатын жеткізіп, келушілерге терең әсер қалдыруы керек.

Ескерткіш қасында тұрған ғимараттармен үйлесімді болуы шарт және ұзақ мерзімге төзімді материалдар (қола, мәрмәр, гранит және т.б.) қарастырылуы керек.

Орнатылатын жері – Тараз қаласы, Тәуке хан көшесі мен Айша бибі көшесінің қиылысы.

3.Конкурстың шарттары:

Конкурсқа жеке мүсіншілер және ұжымдар қатыса алады. Байқауға қатысатын жобалар 18.06-03.07.2025 жылы аралығында қабылданады. Ұсынылатын жобалар 2025 жылдың 3 шілдеден кешіктірілмей мына мекенжайға тапсырылады: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі, №3 ғимараты. «Көне Тараз» қоғамдық қоры.

Сонымен қатар ескерткішті орнату барысында келесі параметрлер сақталуға тиіс:

– тұрған бейнесі келісілген жағдайда 3,5-3,8 м;

– отырған бейнесі келісілген жағдайда 2,5-3,0 м.

Жеңімпаз болып анықталған мүсінші келісімшартқа сәйкес аталған туындыны бір ай мерзімде аяқтауы керек.

Конкурс жобалары алты таңбалы санмен айшықталған белгімен ұсынылады. Белгі конкурсқа ұсынылған жоба материалдарының, сондай-ақ конверттің оң жақ бұрышына жазылады (биіктігі –1 см.) Белгімен айшықталған конвертте жоба авторының аты-жөні мен мекенжайы және телефон көрсетілген ақпараттық парақша салынады.

Қысқаша түсіндірме жазба ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастыру қағидалары және негізгі идеясы мазмұндалған, № 14 Times New Roman қарпімен басылған, 2 парақтан аспайтын көлемдегі мәтін түрінде, екі данадан ұсынылады. Автор барлық шығындарын ескеріп, жобаның бағасын қоса ұсынуы қажет.

Конкурстың қорытындысы бойынша «Көне Тараз» қоғамдық қорының жанынан құрылған комиссия шешім қабылдайды. Конкурс шарттары сақталмай ұсынылған жобалар байқауға жіберілмейді және қаралмайды.

4.Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

1.Ескерткіштің кішірейтілген масштабта жасалған мүсіні, биіктігі 30-70 см шамасында болуға тиіс.

  1. Айша бибі ескерткішінің орналасатын жеріне 3D визуализация арқылы ұсынылған туындының постаменттегі көрінісі және ландшафттық шешімдерінің көрінісі болған құпталады. Жобалар А3 немесе цифрлық түрде (PDF/JPG) форматында болуы қажет.

3.Түсіндірме жазба.

Жобалар 60:80 см көлеміндегі планшетте беріледі. Графикалық орындау әдістері, макеттің түрі, техникасы және материалы автордың қалауы бойынша орындалады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды nuryasin@mail.ru электронды поштасы арқылы алуға болады.

«Көне Тараз» қоғамдық қорының президенті Азимов Мұратбек Қоханұлы. тел: (8 701 726 64 91).

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.