Қызылды-жасылды қызығы көңілден кетпес мынау жарық дүниеде адамның бірінші байлығы денсаулық екені даусыз. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса болды денсаулық сақшыларының көмегіне мұқтаж болып, жанымызға сая іздеп жатамыз.
Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды «адам жанының арашашысы» деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді. Дәрігерді ұлықтау, құрметтеу – әр адамның азаматтық борышы. Әр адам өз өмір жолында осы мейірімді жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғап сыздаған балтырымызды тоқтатады. Ауырсақ, сырқаттансақ бірден осы адамдарға жүгіреміз. Алдына барған бізге мейірім төге қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін береді.
Дәл осындай өз ісіне тиянақты, жылы сөз, ізгі лебізімен адам жанын жадыратады. Әрі жасаған ем-домы да көңілге қонымды, жаны таза, ақ халатты мамандар біздің шаһарымызда да аз емес. Солардың бірі – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №2 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны, БМСКК «Ақбұлақ» орталығының жалпы тәжірибе дәрігері Айжан Сатыбалдиева.
Айжан Рахметуллақызы – өз міндетіне өте мұқияттылықпен қарайтын дәрігер, өз ісінің нағыз шебері. Ол еңбекқор, адамдардың игілігі үшін еңбек етіп жүрген дәрігер, сіздің ерен еңбегіңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүрегіңізге алғысым шексіз. Еңбегіңіз халыққа қуаныш сыйлап, халықтың алғысы өзіңізді нұрға бөлесін. Осы сәтті пайдалана отырып, Айжан Сатыбалдиеваны шын көңілден төл мерекелерімен құттықтаймын! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, күш – жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, біліктілігіңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіз деген тілегімді білдіремін.
Жансая БАЗАРБАЕВА,
№2 қалалық емхананың ем алушысы