Шымкент қаласында таэквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Чемпионаттың алғашқы күнінде үш салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Жарыстың бірінші күнінде даянгқа 80 кг, 87 кг және 87 кг-нан жоғары салмақтағы ерлер шықты. Екі салмақ дәрежесінде чемпион атағын алматылық спортшылар жеңіп алды. Ал 87 кг-нан жоғары салмақта Атырау облысының спортшысы бірінші орынды иеленді. Назарларыңызға күннің қорытындысын ұсынамыз:
80 кг
1. Адилхан Рахым (Алматы)
2. Орынбек Жандос (Қызылорда)
3. Меллатов Алмас (Атырау)
4. Ақмағанбетов Қуаныш (Қызылорда)
87 кг
1. Тенізбаев Азамат (Алматы)
2. Уразбаев Нартай (Алматы)
3. Сүлеймен Даулет (Алматы)
4. Кубаев Марлен (Ақтөбе)
+87 кг
1. Шакиев Үмбет (Атырау)
2. Хасенов Бауыржан (Алматы облысы)
3. Курбаниязов Саламат (Алматы облысы)
4. Мауленбай Нұрбек (Алматы қ.)
Пхумсе “Коре Кымган” бағдарламасы бойынша ересектер арасында техникалық кешендер көрсетілген сайыста мынадай нәтижелер тіркелді:
1 орын
Сатенов Д. (Тараз)
Қошабаев А. (Атырау)
Балық А. (Қарағанды)
2 орын
Нанов В. (Өскемен)
Дүнидин Қ. (Тараз)
Кисапов Р. (Түркістан)
3 орын
Алим Б. (Қызылорда)
Тоқсамбаев (Алматы)
Тлеубаев Ғ. (Түркістан)