Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Әлемнің сұлулығы – балалар күлкісінде»

0 599

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов атындағы саябақта «Әлемнің сұлулығы – балалар күлкісінде» атты мерекелік қонақжай өтті.

Мерекелік бағдарламада балаларға арналған қызықты көріністер мен ойын-сауықтар легі ұсынылды. Ертегі кейіпкерлері – Қошқар мен Теке, Түлкі, Кірпі, Қоян, Қасқыр және сайқымазақтар – кішкентай қонақтарды ертегі әлеміне жетелеп, олармен бірге көңілді ойындар ойнап, викториналық сұрақтар қойып, ән айтып, би биледі. Балалар ертегі кейіпкерлерімен араласып, мерекелік думанға белсене атсалысты.
Шара барысында, сондай-ақ кітапхана қорынан әзірленген «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты кітап көрмесі мен шығармашылық кітап инсталляциялары ұйымдастырылып, балаларға таныстырылды. Мерекелік алаң шарлармен, түрлі түсті безендірулермен әсемделіп, ерекше атмосфера жасалды.
Балалардың бос уақытын мәнді өткізу, олардың қиялын дамытып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ мейірімділік пен достыққа тәрбиелеуге бағытталған шара көптің көңілінен шықты.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.