Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тазалық сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынды

0 631

Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орынға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтыр 1 182 нысан иесінің талапқа сай тазалық сақтамағаны анықталды. Оның ішінде 1 008 тұрғынға ескерту берілсе, 174 азаматқа айыппұл салынды.
Ал биылғы 1 мамыр мен 14 мамыр аралығында тазалық сақтамаған 204 нысан иесі анықталса, 169 адамға ескерту беріліп, 35 тұлғаға айыппұл салынды.
Жалпы, тазалық сақтамаған тұрғындарға, нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.