Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Құрылыс сапасы – тұрақты бақылауда

0 103

Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштер мен бірқатар жобалардың құрылыс барысын зерделеп, Абай, Қарақыстақ және Луговой ауылдарында болды.

Атап айтқанда, Абай және Қарақыстақ ауылдарында жүргізіліп жатқан Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштерді жөндеу жұмыстары, Луговой ауылындағы «Түрксіб» темір жол вокзалының жаңа құрылысы мен М.Горький мектебі алдындағы жаяу жүргіншілер жолы аудан басшысының назарында болды.
Жауапты тұлғаларға құрылыс сапасына, бекітілген мерзімге және халыққа ыңғайлы қызмет көрсетуге басымдық беру жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.
Жалпы, ауданда Ұлы Отан соғысына қойылған 20 монументтік ескерткіш бар. Оның ішінде 8-і жөндеуді қажет ететіні анықталып, биыл Жеңістің 80 жылдығына орай 29,8 млн теңге бөлініп, жүйелі жұмыстар қолға алынған.
Сонымен қатар, темір жол вокзалы құрылысы кезінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін уақытша қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылған болатын.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.