Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Айбынды ерлер – ел қорғаны

0 102

«Баласағұн» орталық концерт залында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Әуелі Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев көпшілікті мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Отан қорғаушылар күні – мемлекетіміздің қуаты мен сенімділігін айғақтайтын, өмірін әскери қызметке арнаған жандарды дәріптейтін мереке. Президентіміз: «Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, қастерлі құндылықтарды орнықтыра түсу үшін бұл мерекенің маңызы зор», – деп атап өткен болатын.
Ел тәуелсіздігін, ұлан-байтақ жер мен халықтың тыныштығын сақтауда Отан қорғаушылардың орны ерекше. Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен Қазақстан әскері заманға сай жаңғырып келеді.
Бүгінде еліміздің Қарулы Күштері қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың мәртебелі міндетіне, аға буынның ерлік және жауынгерлік жігерінен бастау алған патриоттық үлгісіне айналды.
Мемлекет туған жері үшін аянбай еңбек етіп, әскери қызметке бүкіл ғұмырын арнаған отансүйгіш перзенттерін жан-жақты қолдауға айрықша мән беруде. Біздің міндетіміз – жаңа геосаяси ахуалға сай еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайта түсу. Бүгінде әскеріміз – мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығының сенімді тірегі. Қарулы Күштеріміз ел шекарасын күзетіп қана қоймай, халықаралық деңгейде де бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ісіне белсенді атсалысуда. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген қаһарман Бауыржан Момышұлының рухты сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған сарбаздар қашан да ел мақтанышы болып қала береді, – деген аймақ басшысы көпжылғы жемісті еңбегі мен қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірқатар азаматқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін және облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады.
Шара соңы концерттік бағдарламамен түйінделді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.