Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тарихқа тағзым, ерлікке құрмет

0 452

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Тараз қаласы білім бөлімінің №56 орта мектебінде оқу ошағының парламент мүшелері және де «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарының қатысушылары ашықхаттар жасады. Сонымен қатар соғыс жылдары жайындағы деректі фильмдер көрсетілді.

Бұл шара – соғыстың зардабы мен жеңістің маңызын көркем тілмен жеткізу арқылы оқушылардың елге, жерге, тарихқа деген құрметін арттырып, бейбіт өмірдің құндылығын сезіндіруге бағытталған.
Жеңістің 80 жылдығын атап өту – тек салтанатты шара ғана емес, тарихқа тағзым, ерлікке құрмет, бейбіт өмірдің бағасын ұғыну. Бүгінгі ұрпақ үшін сол сұрапыл соғыстың маңызын түсіну – отансүйгіштікке, рухани құндылықтарға жетелейтін тәрбие негізі.
Бүгінгі тыныш таң, бейбіт өмір, ашық аспан – соғыста қаза тапқандар мен тірі ардагерлердің ерлігінің нәтижесі. Сондықтан біз олардың есімін ұмытпауға, өшпес рухын ардақтауға міндеттіміз.

Қымбат МҰХАМАЕВА,
№56 орта мектептің тәлімгері.
Тараз қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.