Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпорынның қаражатын негізсіз пайдалануға жол берген

0 748

2024 жылы «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік- диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында департамент жүргізген аудит нәтижесінде жалпы сомасы 1 425 787,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Атап айтқанда:
– Бюджет кодексі 4-бабының 9-тармағын негіздеу принципін бұза отырып, одан басқа № 213 бұйрығының 3-тармағының 1), 10) тармақшаларын және 2-тарауының 5, 6-тармақтарын және бекітілген тарифтік мөлшерлемеден асатын лауазымдық жалақыға арттыру коэффициенттерін белгілеуге байланысты мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және ынталандыру туралы ережені, сондай-ақ Ережені басшылыққа алған мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларының және көтермелеу төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы бекітілген ережені бұза отырып, 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2023 жылғы желтоқсан аралығында белгіленген еңбекақы қоры шегінде қаржылық үнемдеудің болмауына және кредиторлық берешегі бар бола тұра, әкімшілік персонал, басқарушы персонал және басқа да лауазымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына көтермелеу үстемеақылары негізсіз көтеріліп, төленген, бұл ретте осы жіберілген бұзушылыққа байланысты еңбек демалысы және емделуі бойынша жәрдемақылар, бір реттік төлемдер, т.б. жалпы сомасы 170 866,8 мың теңгеге негізсіз төленген;
– арттыру коэффициенттері мен қосымша төлемдерді пайдалана отырып, лауазымдық жалақыларына негізсіз ынталандыру төлемдері мен көтермелеу үстемеақылары 67 467,3 мың теңге сомасында негізсіз төлеуге жол берілген;
– қызметкерлерге жалпы сомасы 11 341,1 мың теңгеге негізсіз сараланған қосымша үстеме ақы төлемдер жасалған;
– Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Сыйақылар төлеу туралы» бұйрықтарының және Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және ынталандыру туралы ереженің талаптарын бұза отырып, белгіленген еңбекақы қоры шегінде қаржылық үнемдеудің болмауына және кредиторлық берешегі бар бола тұра, лауазымдық жалақыларына коэффициенттері жоғарылатылған жағдайда жалпы сомасы 414 261,6 мың теңге көлемінде сыйақы негізсіз төленген;
– жұмыс уақытын есепке алу туралы жұмыс берушінің құжаттарына сәйкес жұмыс істемеген уақыт үшін 3 713,6 мың теңге сомасында негізсіз жалақы төленген;
– Кәсіпорын төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етпеген; төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығының, міндеттемелерді орындаудың уақтылығы мен толықтығын, төлемнің негізділігін растайтын аяқталған мәмілелердің сенімділігін қамтамасыз етпей, 2021 және 2022 жылдар кезеңінде жалған құжаттарды қоса беру арқылы, «Қайрат СҚ-Құрылыс» ЖШС-не жеткізілмеген тауарлар мен көрсетілмеген қызметтері үшін жалпы сомасы 758 137,1 мың теңгеге негізсіз қаражат аударған.
Бүгінгі күнге прокуратурамен 2024 жылдың 8 қарашасында материалдар Тараз қалалық №2 сотына жіберілген, қылмыстық іс қозғалған.

Әмірхан БАЙМАҒАМБЕТОВ,
Жамбыл облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының
міндетін атқарушы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.