Қалалық қоғамдық-саяси газет

Меркіде балабақшаның 10 тәрбиеленушісі ауруханаға түсті

Әкімдік ресми хабарлама жасады

0 83

2025 жылдың 17 наурыз күні Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі «Нұрай» бөбекжай-бақшасының 10 тәрбиеленушісі келіп түскен. ​​​

Аталған оқиғаға байланысты Жамбыл облысының әкімдігі ресми хабарлама жасады:

«Оның ішінде 9 жағдай жіті ішек инфекциясы, 1 жағдай энтеровирусты инфекция диагнозымен тіркелген. ​​​1 жасөспірім жансақтау бөліміне ауыстырылған, жағдайы бірқалыпты (оң нәтижелер байқалуда). ​​​

Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылып, әр баланың жағдайымен танысып, орын алған жағдай зерделенуде. Аурудың неден шыққаны анықталуда. ​​​

Қазіргі таңда ауруханада қосымша төсек орны қажетілікке байланысты дайын. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. ​​​

Бүгінге Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен тексеру жұмыстары басталып, барлық сынамалар алынған, қорытындысы күтілуде. ​​

Аталған бөбекжай жұмысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін екі тәулікке тоқтатылып, ата-аналарға ескертілді. ​​​

Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданады. ​​​

Қоғамдық ахуал тұрақты, жағдай бақылауда» – делінген мәлімдемеде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.