Таразда сенбі сайын дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Бүгін Жамбыл даңғылы, 18 Д мекенжайында жәрмеңке өтіп жатыр.
Жәрмеңкеде облыс аудандары мен Тараз қаласының тауар өндірушілерінің өнімі, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері бар.
Сонымен қатар жәрмеңкедегі бірқатар тауарлардың бағасы нарық бағасынан 2-3 есе төмен.
Атап айтқанда, сәбіз- 95 тг (4 тонна), картоп – 130 (5 тонна), капуста- 120 (2 тонна) теңгеден сатылуда.
Бұл әлеуметтік тұрақтандыру қорының қойған бағасы.