Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бюджеттік ұйым қызметкерінің құқықтары қорғалды

0 1  097

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл болып облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Сол себепті көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылады.

Мәселен, жуырда азаматтың өтініші бойынша департамент жоспардан тыс тексеру жүргізіп, оның нәтижелері бойынша «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тарту дерегі бойынша бұзушылық анықталды. Белгілі болғаны – бюджеттік ұйымның қызметкеріне жұмыс орнынан анықтаманың жоқтығына сілтеме жасай отырып, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан негізсіз бас тартылған. Көрсетілетін қызметті алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатымен департамент азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау туралы нұсқама енгізді.

Департамент ден қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының құқықтары бюджеттік ұйымның қызметкері ретінде тұрғын үй алуға кезекке қою туралы оң шешім қабылдаумен толық қалпына келтірілді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайларда Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 «А» мекенжайына немесе 8 (7262) 43-88-08 нөмірі, сондай-ақ «EgovKzBot» платформасы және «08.Onay.qyzmet» телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.

Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

Р.ШАРИПОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.