Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ынтымақты дәріптеудің жарқын көрінісі

0 385

Құрметті жамбылдықтар!
Этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау мақсатында бекітілген 1 наурыз – Алғыс айту күні және биылғы ерекше мерейтой – ҚХА-ның 30 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы уақыт ішінде Ассамблея этнос өкілдерін біріктірген еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ассамблея бірегей азаматтық институт бола отырып, қоғамда сенім мен өзара түсіністіктің бірегей ахуалын қалыптастыра алды.
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың, ортақ тарихымызды құрметтеудің жарқын мерекесі. Барлығымыз бір шаңырақ астында тату-тәтті, қазақстандық болып өсіп-өніп жатырмыз. Біз бір-бірімізге ризашылық пен құрмет көрсетіп, достық пен келісім, ынтымақтастық сияқты негізгі құндылықтарды насихаттап келеміз.
Осынау айтулы күні баршаңызға мықты денсаулық, амандық, мызғымас бауырластық тілеймін! Осы ретте баршаңызды еліміздің жарқын болашағын бірге құруға және бір-бірімізге алғыс айтуға шақырамын!

Гулам Умаров,
Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.