Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Көрінеді тілден түйсік, білім де, біле білсең жарылқаушы – тіліңде»

0 470

Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай «Көрінеді тілден түйсік, білімде біле білсең жарылқаушы – тіліңде» тақырыбында әдеби жорға (байқау) ұйымдастырылды.
Байқау Тараз қаласының білім бөлімінің №2 орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қатысушылар «Жас Қыран», «Культура и наследие», «Бірлік», «Языковой мост» топтарына бөлініп, өз ана тілінде топты таныстыру,  тақырып аясында қазақ ақын-жазушыларының өлеңін оқу, тілге қатысты сұрақ-жауап бөлімі және топтың жеке өнері бойынша бақ сынап, өз ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ байқауға қазылық еткен тәлімгерлер ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуға шақырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.