Жамбыл облысында 10 жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 289 елді мекендегі 132383 адам дәрігерлердің консультациялары мен диагностикалық ем-шараларына қол жеткізді. Көмек көрсетілген адамдардың 25 мыңнан астамы балалар.
2025 жылы жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 298 елді мекенді қамту көзделуде.
Жылжымалы кешендердің көмегімен 44248 диагностикалық зерттеулер, 9257 зертханалық тексеру, 159408 бейінді мамандардың консультациялары берілді.
Тұрғындарды қарау барысында 7064 науқас анықталып, олардың барлығына медициналық жәрдем көрсетілді.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы 18 нысан пайдалануға берілсе, 2025 жылы 4 нысан тапсырылады.
Облыста 392 денсаулық сақтау нысанында барлығы 15236 медицина қызметкерлері болса, оның ішінде ауылдық жерде жұмыс істейтіні 6 468.
2025 жылы өткір тапшылығы бар (стоматолог, хирург, акушер, гинеколог және т.б.) медицина мамандарын қолдау үшін ауылдық жерлерде 8,5 млн теңге, аудандық маңызы бар қалалардағы мамандарға 1,2 млн теңге, Тараз қаласындағы мамандарға 800,0 мың теңге біржолғы төлем ретінде беріледі.