Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, қаланы абаттандыру жұмыстары, газ жүргізу, жастарды баспанамен, жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, авто және жаяу жүргіншілер жолы жөнінде сауалдар қойды.
Сонымен қатар тұрғындар жеке кәсіпкерлікке жер телімін беру, оны заңдастыру жұмысына қатысты да бірқатар мәселе көтерді.
Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.
Қала әкімі 2024 жылдың 11 айында 53 жеке қабылдау өткізіп, жалпы 623 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдаған.
Олардың барлығына қолданыстағы заңдардың аясында жауаптары жолданып, түсініктемелері берілген.
Жалпы Тараз қаласының әкімі бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде аптасына 1 рет жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтарымен қабылдайды.