Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдауының хаттамасы

0 207

Тараз қаласы                                       №1                         12 желтоқсан 2024 жыл

                                                                                                                                                         сағат 16.00

 

Төрағалық етуші: М.Жұманқұлов

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығының нормаларына сәйкес және Тараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғни «Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.» ұсыныстың негізінде, тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауы ұйымдастырылды.

Жұмыс тобының жетекшісі:

М.Жұманқұлов – заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
 

 

        Жұмыс тобының мүшелері:

 

Ә.Жапарова – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Э.Абдинова – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
К.Шилібек – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Ә.Даулетбаева – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Қ.Бибазарова – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Е.Далабай

 

– Тараз қалалық мәслихатының депутаты;

Шақырылғандар:

Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, бөлім басшылары, бас инспекторлары, Тараз қаласының тұрғындары және БАҚ өкілдері.

КҮН ТӘРТІБІ:

Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы.

Баяндама жасау үшін сөз Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тоқсанбаева Бақыт Тілегенқызына берілді.        

Баяндаушы – Б.Тоқсанбаева:

«Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы»                 Қазақстан Республикасының  1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 2-бабының 5-тармағына сәйкес, облыстық маңызы бар қаладағы халық саны 400 мың адамнан асқан кезде өзара бірнеше ауданға бөлінуі тиіс делінген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бүгінгі таңда Тараз қаласында 435214 халық тұрады.

Қаланы тиімді басқару және өзекті мәселелерді жедел шешу үшін екі аудан құру қажеттілігі туындап, екі әкімшілік-аумақтық бірлікке бөлу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Қала әкімінің 2023 жылғы 4 мамырдағы №43 өкімімен «Тараз қаласындағы екі әкімшілік-аумақтық бірлікке атау беру бойынша  жұмыс  тобын құру туралы» қаламыздың қоғамдық, ардагерлер кеңестері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, тарихшыларды қамти отырып жұмыс тобы құрылып,  бірнеше отырыстар өткізілген.

Отырыста жұмысшы топ мүшелері мен әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындары  тарапынан қаламыздың тарихына, тарихи атауларына байланысты тарихи жер-су, дәстүрлі атаулардан ұсыныстар жинақталып, талқыланған.

Қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы                           1 тамыздағы №211 бұйрығының талаптарына сәйкес Тараз қаласындағы екі әкімшілік-аумақтық бірлікке Әулиеата және Жібек жолы  атауы ұсынылып отыр.

Әулиеата – қазіргі Тараз қаласының ХVІІІ-ХХ ғасырдағы тарихи атауы.

1936–1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937–1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылғы 8 қаңтарда Тараз деп қайта аталған.

Жібек жолы – (Ұлы «Жібек жолы») – Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Ұлы Жібек жолы – адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол  Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған.

2023 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты отырысында берілген тапсырмалар бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 22 тамыздағы №18-07-10/1998-И хатына сәйкес  қолданыстағы «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» мен «Дәстүрлі атаулар» тізімін өзектендеру мақсатында ономастика комиссиясының жұмысы тоқтатылған болатын.

2024 жылдың  24 қаңтарында республикалық ономастика комиссиясының отырысында Әдістемелік ұсынымдар, «Тарихи тұлғалар»,  «Жер-су атаулары» мен «Дәстүрлі атаулар» тізімі  бекітіліп және  жоғары атқарушы орган тарапынан 2024 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құралдарына атау беру бойынша  жол картасы келісім алынған.

Жаңа атаулар бойынша жоғарыдағы талаптарға сәйкес жұмыстар жүргізіліп, назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Сіздердің тараптарыңыздан қолдау тапқан жағдайда бұл ұсыныстар республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын болады.

Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныстар:

№1 аудан – Әулиеата ауданы;

№2 аудан –  Жібек жолы ауданы;

«Шалғай Қарасу» алабындағы 1-көше – Қорқыт ата көшесі;

Жилкооперация көшесі – Иманжүсіп Құтпанұлы көшесі;

Фресно көшесі – Шәкен Ниязбеков көшесі.

Жұмысшы топ мүшелері, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылдау үшін дауыс берді.

Қолдағандар  – 7. Қарсы – жоқ. Қалыс – жоқ.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Көпшілік тыңдауы бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі, ұсыныс беруші, яғни Тараз қаласы әкімдігіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және т.б.) жүргізу үшін жолдансын.
  2. Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы мәселе, Тараз қалалық мәслихатының сессиясының және Тараз қаласы әкімдігі отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жолдансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау, Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Жұмыс тобының жетекшісі:                                                 М.Жұманқұлов

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Ә.Жапарова

 

Э.Абдинова

 

К.Шилібек

 

Ә.Даулетбаева

 

Қ.Бибазарова

 

Е.Далабай

 

 

Жұмыс тобының хатшысы:                                                                         А.Байтенова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.