Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында жас ақын-жазушылардың шығармашылық деңгейін көтеруге, рухани-әдеби ортаның қалыптасуына, жас дарындардың жаңа көзқарастарын дамытып, поэзия әлеміндегі дарынды тұлғалардың шығармаларымен таныстыру мақсатында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында поэзия марафоны өтті.
Іс-шараға Жамбыл облысынан шыққан, өңірімізге танымал, республикалық, облыстық жыр мүшайраларында жүлделі орындар иеленіп жүрген ақындар — «Aq jol» газетінің тілшісі Арайлы Жақсылық, «Қоғамдық келісім» КММ «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің жетекші-сарапшысы Назерке Оңғар, ақын Жомарт Зұлпыхар, «Сенімен Болашақ» РҚБ психологы, жас ақын Шолпан Рахымбердиева,«Шу қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ «Ұйымдастыру және бақылау» бөлімінің басшысы Серік Спәнәлі, ақын Ғайникен Маралтайқызы, жас ақын Айнұр Абдулмақсұт пен сол буынның ізін жалғап, жаңадан қалам тербеген жас ақын А.Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы, жас ақын Толғанай Алтайқызы қатысты.
Шараға арнайы келген қонақтар қазіргі қазақ поэзиясындағы жастар шығармашылығына көпшіліктің назарын аударту, өңіріміздегі жастар шығармашылығын дамытуға жол ашу жайлы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар поэзия марафонына арнайы Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов келіп, жақында тұсауы кесілген «Тараздың жыр маржандары» атты жамбылдық жас ақындардың ұжымдық кітабын кітапханаға сыйға тарту етті.
Алдыңғы