Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қылмысқа қылбұрау күшейтіледі

0 210

Мемлекет басшысының ең маңызды бағдарламалық құжат болып табылатын биылғы Жолдауының басымдықтарымен үлкен қызығушылықпен танысып шықтым. Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіндегі алғашқы Жолдауы. Жолдаудың бір бағыты жемқорлықпен күреске арналған. Президент жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретінін баса айтты.
Сот жүйесіне сенімін арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге баса назар аударылады. Судьялар корпусын қалыптастыру тетігін жетілдіру, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар қабылданды. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы еш кедергісіз уәкілетті органдарға хабарлауына, соның ішінде сенім телефондары мен мемлекеттік органдардың веб-сайттары арқылы хабарлауына жағдай жасалғаны қуантады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату, азаматтық қоғамды қолдау, саяси трансформацияны жалғастыру, ішкі істер органдарын реформалау секілді осы және басқа да өзекті мәселелерді көтергені алдағы уақытта ел ішінде оң шешімін тауып, өзгеріс тудыратыны анық.
Жолдауда жер мәселесі де шет қалмады. Жерден игілік көріп, тамырын жерге идірген халық үшін бұл мәселенің шешімін табатыны маңызды. Кейінгі кезде ел ішінде орын алып жатқан қылмыстарға қатысты жазалау шаралары туралы мәлімдегені жедел түрде сексуалды зорлық, педофилдер мен есірткі таратушылар, адам саудасы, әйелдерге тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету, жеке тұлғаға қатысты қылмыстар, оның ішінде балаға қатысты қылмыс жасаушыларға жазаны күшейту керектігі қылмыс жасаушыны бұл қадамға барарда ойға қалдырады, қатыгездікті тыйып, өрескел қылмысты болдырмайды деп ойлаймын.
Бұл Жолдау бағытымызды айқындап, жолымызды аша түсетініне сенімім мол. Президенттің Жолдауда көрсеткен барлық мақсаты орындалып, Қазақстан халқының өркендей беруіне тілектеспін.

Асхат Газаев,
«Қылмыстық және
қылмыстық іс жүргізу құқығы»
кафедрасының меңгерушісі,
PhD, криминология докторы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.