Қалалық қоғамдық-саяси газет

№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Жетпісбаев Нұрбол Ерланұлы

0 144

Өмірбаян

Жетпісбаев Нұрбол Ерланұлы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 2015 жылы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасын, 2018 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика және құқық» факультетін «Қаржыгер» «экономист; бухгалтер; аудитор», «инженер» біліктіліктері бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы Тараз қаласы әкімі аппаратының Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы, 2017-2020 жылдары Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің инспектор-маманы, 2020-2021 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі «Жасыл ЕЛ Тараз» мекемесі басшысының орынбасары, 2021-2022 жылдары аталған мекеме басшысының кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2022 жылдан осы уақытқа дейін «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің бөлім басшысы лауазымында еңбек етуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Жамбыл облысы мен Тараз қаласы әкімдерінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталған.

Сайлауалды бағдарлама

Егер мен халық сеніміне ие болып, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына сайлансам:
– өзіме қарасты округтегі тұрғын үйлердің аулаларының абаттандырылуына;
– көшелердің сапалы жолмен қамтамасыз етілуіне;
– ойын және спорт алаңшаларының ашылуына;
– жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету арқылы олардың еңбектің түрлі шараларымен қамтылуына;
– мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға;
– қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен жасыл аймақтарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау жұмыстарын жүйелі жүзеге асыруға ықпал етемін.

Құрметті сайлаушылар!

Біздің еліміздің, облысымыздың болашағы сіз бен бізге тікелей байланысты.
Сіздерді балаларымыздың бақытты болашағы және әр азаматтың жайлы өмір сүруі үшін сайлауға қатысып, білімі мен біліктілігін, іскерлігін тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға жұмсайтын лайықты кандидатқа дұрыс таңдау жасай отырып, дауыс беруге шақырамын.
Біз туындаған мәселелерді күшімізді біріктіру арқылы шеше аламыз!

Тапсырыс беруші: №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Жетпісбаев Н.Е.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.


Кандидат в депутаты Жамбылского областного маслихата по одномандатному территориальному избирательному округу № 4 Жетписбаев Нурбол Ерланович

Биография

Я, Жетписбаев Нурбол Ерланович, родился 16 июня 1996 года в Мойынкумском районе Жамбылской области. В 2015 году окончил кафедру «Бухгалтерский учет и аудит» Жамбылского политехнического высшего колледжа, а в 2018 году факультет «Экономика и право» Таразского регионального университета им. М.Х.Дулати по квалификациям «финансист», «экономист; бухгалтер; аудитор», «инженер».
В 2016 году работал специалистом отдела регистрации актов гражданского состояния аппарата акима города Тараз, в 2017-2020 годах – инспектором-специалистом отдела предпринимательства и промышленности акимата города Тараз, в 2020-2021 годах – заместителем руководителя учреждения «Жасыл ел-Тараз» отдела финансов акимата города Тараз, в 2021-2022 годах – советником руководителя данного учреждения. С 2022 года по настоящее время работаю в должности руководителя отдела учреждения «Жасыл ел – Тараз».
Награжден Почетными грамотами и благодарственными письмами Президента Республики Казахстан, акимов Жамбылской области и города Тараз.

Предвыборная программа

– Благоустройство дворов жилых домов в своем округе;
– обеспечение улиц качественными дорогами;
– открытие игровых и спортивных площадок;
– обеспечение молодежи работой через поддержку предпринимательских инициатив;
– формирование благоприятной среды для граждан с ограниченными возможностями;
– содействие системному осуществлению работ по охране окружающей среды, очистке рек и зеленых зон, посадке деревьев, сортировке мусора.

Уважаемые избиратели!

Будущее нашей страны, области напрямую зависит от нас с вами.
Приглашаю вас принять участие в выборах, чтобы обеспечить счастливое будущее наших детей и комфортную жизнь каждого гражданина, сделать правильный выбор для достойного кандидата, чьи знания, умения и навыки будут направлены на улучшение качества жизни населения.
Мы можем решить возникающие проблемы, объединив наши силы!

Заказчик: кандидат в депутаты Жамбылского областного маслихата по одномандатному территориальному избирательному округу № 4 Жетписбаев Н. Е.
Оплачены за счет расходов кандидата, покрываемых из средств республиканского бюджета.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.