Қалалық қоғамдық-саяси газет

Педагогикалық қолдаудың маңызы зор

0 47

Күнделікті күйбең тіршіліктің қамымен ата-аналар бала тәрбиесінің ең маңызды тұстарында осалдық танытуда. Бұл кейбір ата-аналардың жауапкершілігінің төмен екенін көрсетеді. Соның салдарынан олар өз міндеттерін мектепке жүктеп, бейқамдық көрсетуде.

Осы орайда мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Басқосу барысында «Балалардағы стресс пен депрессияның алдын-алу жолдары» тақырыбында танымдық сабақ, «Эмоцияңды басқара біл!» атты тренинг ұйымдастырылды.
Бұл тақырыптар неліктен қозғалуда? Себебі, бала мен әке, ана мен қыз арасындағы отбасылық байланыс алшақтап барады. Осы тұста мектеп педагогтары, психологтары ата-аналарға барынша қолдау көрсетуде. Мектепте ашық есік күндерін өткізіп ата-ана мен бала арасындағы алшақтықты жақындатуда. Әрине, бұл – мектепішілік жоспардың бір ғана саласы бойынша атқарылған жұмыстар. Ата-ана, оқушы, мектеп – осы үштік қарым-қатынасын күшейту арқылы саналы, тәрбиелі ұрпақ қалыптастырамыз. Осы ретте ата-аналарды мектептегі психолог мамандардан қорықпай, керісінше бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын.

А.АБДЕШОВА,
№56 орта мектептің психологы.
Тараз қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.