Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоғыз айда талай тірлік тындырылды

0 35

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының есептік кездесуі өтті.

Жиынға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов пен округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Әуелі Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Уәлихан Байдуанов сөз алып, комиссияның осы жылдың 9 айында атқарған жұмысы мен биылға межеленген жоспарыңың орындалу барысы туралы баяндады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалар жөніндегі бағдарламасы аясында елімізде жаңа сұраныстарға жауап беретін сайлау жүйесі қалыптасуда. Ол азаматтардың дауыс беру құқығы мен жаһандық демократия үдерісін нығайтуға, сайлау туралы білімді арттыруға және сайлаушылардың дауыс беруге қатысуын ынталандыруға бағытталып отыр.
Осыған байланысты, Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан ағымдағы жылдың 9 айында бірқатар жұмыс атқарылды. Тараз қаласында 27 бірмандатты сайлау округі, 135 сайлау учаскесі орналасқан. Олардың арасында 1 сайлау учаскесі қала әкімінің 2024 жылғы шешімімен жаңадан құрылып, 40 сайлау учаскесінің шекарасына өзгеріс енгізілді, – деген Уәлихан Боларбекұлы аумақтық сайлау комиссиясының қызметі жариялы және ашықтық бағыттарға негізделгенін баса айтты.
Келесі кезекте сайлау және референдум жұмыстарына атсалысып, белсенділік танытқан бірқатар азаматқа арнайы Құрмет грамотасы және Алғыс хаттар табысталды.

Айнура Сейділдаева

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.