Қалалық қоғамдық-саяси газет

Республика күнінде жамбылдықтар баспаналы болды

0 60

25 қазан – Республика күніне орай Шу, Сарысу ауданы тұрғындарына пәтер кілттері, Т. Рысқұлов және Меркі аудандарында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында құрылысы жүргізілген баспаналар салтанатты түрде табысталды.

Шу ауданында 2 мыңға жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, баспана мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Мәселен, өткен жылы 60 үй берілген. Биыл 100 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қарқын алып, оның 12-сі айтулы күні қолданысқа берілді.

Ұлттық мерекеде сарысулықтарға да баспаналы болу бақыты бұйырды. 8 пәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртылып, ел игілігіне тапсырылды. Өткен жылы ауданда 185 азамат пәтерлі болса, биыл 278 тұрғын үй беру көзделген.

Айта кетейік, қос аудандағы тұрғын үйлерге аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар ие болды.

Ал Меркі ауданында бес бөлмелі баспана Ержановтар әулетіне табысталды. Бұл отбасының үйі мамыр айында өртеніп, қиын күн туғанда ауылдастары бірігіп, баспанасыз қалған шаңыраққа үй салып берді. Жаңа үйде тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған.

Т. Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылында да асарлатып үй салынып, Сүгірәлиевтер отбасына берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.