Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразға тағы 16 жаңа автобус жеткізілді

0 53
Ескі қоғамдық көліктерді жаңалап, жаңа маршруттарды іске қосу мәселесіне қаланы дамытудың 3 жылдық жоспарында баса мән берілген. Бүгін аталмыш жоспар негізінде облыс орталығына 16 жаңа автобус жеткізілді.
«Автобусный парк – 2020» ЖШС тарапынан әкелінген «TEG» маркалы 16 жаңа қоғамдық көлік №55 және №28 маршруттарға қызмет көрсетеді. Ұзындығы 9,5 метр болатын Қытай Халық Республикасында шығарылған автобустар 34 адамға шақталған. Осылайша, «Автобусный парк – 2020» серіктестігі №11, 28, 34, 38, 46, 54, 55, 60, 61 маршруттарда қатынайтын автобустарды толығымен 100 пайызға жаңартып отыр.
Облыс орталығында жолаушылар көлігі тасымалын жандандыру, жетілдіру және қала тұрғындарын қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Осының аясында 2023 жылы қалаға 73 бірлік жаңа автобус жеткізілсе, биылдың өзінде олардың қатары 133 автобуспен толықты.
Жыл соңына дейін қосымша 42 қоғамдық көлікті жеткізу жоспарда бар. Осының нәтижесінде ағымдағы жылға жоспарланған 70 автобус алу бойынша меже артығымен орындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.