Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақ халатты абзал жандар марапатталды

0 33

Аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне орай «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» атты салтанатты жиын өтті.
Жиынның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Төлегенов: «Бұл күн өз өмірімен қызметін адам денсаулығынан жоғары қойып, бар саналы ғұмырын халықтың денсаулығын сауықтыруға арнаған азаматтардың мерекесі. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.
Бүгінгі таңда мемлекет денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлуде. Көптеген заманауи емдеу орындарының салынуы, білікті мамандарды даярлауға бөлінетін грант санының көбеюі, осы сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілуі – соның айқын дәлелі», – дей келе бейбіт күннің батыры атанған ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына, оның ішінде денсаулық сақтау саласын жетілдіруде қосқан еселі еңбектері үшін және медицина қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына «Мойынқұм ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері мен Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарын табыс етті.
Бұдан кейін Мойынқұм аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы Манарбек Көшкімбаев медицина қызметкерлерінің халықтың денсаулығы үшін жасаған жанкешті еңбектеріне алғысын білдіріп, Мойынқұм ауданының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын тапсырды.
Салтанатты шара барысында зейнетке шыққан жандар мен аурухана бөлімдері мен жергілікті жерлердегі медицина қызметкерлері аурухана бас дәрігерінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жиын соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік ән шашуларына ұласты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.