Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ардагер ұстазға құрмет көрсетілді

0 35

Мойынқұм ауданының әкімі Е.Карентаев ауданның ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Көдеков  қариямен  бірге Мойынқұм ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Р.Әшірәлиеваның үйіне арнайы барып, білім беру саласында аянбай еткен еңбегіне құрмет көрсетіп, деніне саулық тіледі.

Раиса Назарқызы 1975-1980 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. 1998 жылдан бастап Мойынқұм ауданындағы М.Жұмабаев атындағы  мектеп лицейінде, кейін Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында ұстаздық еткен. Шәкірт тәрбиелеу ісінде аянбай еңбек еткен. 2016 жылдан бері бейнетінің зейнетін көруде. Отбасылы, бүгінде үш ұлынан 6 немере сүйіп отырған аяулы әже.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.