Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындардың сауалы – жіті бақылауда

0 262

Мойынқұм ауданының әкімі Е.Карентаев Биназар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді.
Жиын барысында тұрғындарды мазалайтын ауылдағы кіші футбол алаңшасының жағдайы, трансформатор қойып беру, ауылдағы электр желісін жөндеу маманы, жол бойындағы мал бастарының жүруі, жер телімдерін бөлу, мед пункттің ішкі жабдықталуы, ауыз су сынды басқа да өтініштер айтылды.
Өз кезегінде Е.Карентаев осы аталған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма беріп, белгіленген уақытта нақты жауап болуын талап етті.
Сондай-ақ, аудан әкімі іс-сапар барысында аталған ауылда білім беру орталықтарының жағдайы мен қыс мезгіліне дайындық барысын тексерді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.