Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

0 65

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Шаһар басшысының қабылдауына келген қала тұрғындары жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, мектеп маңына жаяу жүргінші жолын салу, көше жарығы, тал кесу, су арналарын тазалау туралы сауалдар қойды. Сонымен қатар, заңсыз құрылысқа тосқауыл қою, балалар ойын алаңшасын салу жөнінде де мәселе көтерді.

Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.