Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының (кезектен тыс жиырмасыншы сессия) шешімі

0 441

 Тараз қаласы                                   №20-2                         2024 жылғы 4 қазан

 «Тараз қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы  

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-1) тармақшасына және Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы №40-3 шешімімен бекітілген «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидаларына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағы келесі азаматтарға берілсін:
Азимов

Муратбек Коканович

– «Көне Тараз» қоғамдық қорының төрағасы
Аширбаева

Турсункуль Ильясовна

– Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған тұрақты комиссияның төрайымы
Быкыбаев

Ермек Быкыбаевич

– Зейнеткер
Дюсембекова

Алтынкуль Сулейманкуловна

– Зейнеткер
Ешенкулов

Ильяс

– «Ешенқұлов И.» шаруа қожалығының директоры
Калиев

Айдархан Миралиевич

– «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжі арнайы пәндер оқытушысы (құрылтайшы), «Асыл дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғылыми өндірістік мода және ассортимент өндірісінің бас дизайнері
Карауыл

Тауирбек Абитайулы

– «Жамбыл облысының спорт ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Касымов

Сырым

– Зейнеткер
Кезембаев

Бахберды Боштабаевич

– «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының дәрігер-трансфузиологы
Молдыбаев

Аманбай Шонбаевич

– Күйші-сазгер, ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.
  1. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Тараз қалалық мәслихатының төрағасы                                                                  К.Олжабай

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.