Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдері қатаң бақылауда

0 343

Департаментпен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен «Мониторинг» ЫАЖ-нен алынған  мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімдерін бұзу деректеріне ай сайын талдау жұмыстары жүргізіледі

Талдау жұмыстарының нәтижесінде ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуші органдармен  қызмет көрсетудің жалпы 34 (ЖАО- 32, ОМО -2) мерзімдерін бұзу деректері өзінің дәлелін тапты.

Анықталған мерзім бұзу деректері бойынша Департаментпен құзырлы органдарға тиісті ұсыныстар енгізіліп, 12 жауапты маман тәртіптік жауапкершілікке тартылса (ЖАО- 11, ОМО -1), рұқсат берудің мерзімдерін бұзғаны үшін қызмет көрсетуші органдардың 17 бірінші (ЖАО- 16, ОМО -1) басшыларына қатысты 21 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырылды және мемлекеттің пайдасына 941 460 тг. көлемінде айыппұл өндірілді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған, мерзімдері сақталмаған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайларда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8А мекенжайына немесе 8(7262) 438808 нөмірі, сондай-ақ «EgovKzBot» платформасы және «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.

Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

Руслан Шарипов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.