Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлт руханиятының алтын бесігі

0 245

Раушан Қожамжарова,
Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы

Сіздерді тарихымыздың темірқазығына айналған Тараз қаласының төл мерекесімен құттықтаймын!
Тараз – Ұлы Жібек жолының бойындағы ғылым мен білімнің, мәдениет пен өркениеттің орталығы болған көне қала. Оның терең тарихы – Әулиеата жұртының, Қазақ елінің мақтанышы.
Сан ғасырлар тарихының құпиясын бойына бүгіп жатқан көне шаһар бүгінгі күні жасара түскен. Озық технологиялар көш бастаған қазіргі заманнан көш ілгері қалмай, керісінше, жаңашылдыққа бейімделуге қабілетті қала екеніне сіз бен біз куә болып келеміз. Көне шаһар ескі мен жаңа, тарих пен тап қазіргі сәт өз үйлесімін тапқан айрықша өркениет ортасына айналып отыр.
Тараз егемен елімізбен бірге дамуда. Жыл өткен сайын жаңа ықшамаудандар, көрікті ғимараттар салынып, заманауи инфрақұрылымдар жүргізілуде. Қалада атқарылып жатқан игі істер аз емес.
Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының бүгінгі бейнесі көз қызығатындай көрікті. Күн сайын түлеп, жаңарып, сәт сайын самаладай жарқыраған ғимараттары көпшіліктің көзайымына айналуда. Солардың қатарында заманауи үлгідегі білім ошақтарының көбеюі де қуантарлық жағдай.
Ұлт руханиятының алтын бесігіне айналған шаһарымыз өрлей берсін!
Баршаңызды Қала күнімен құттықтаймын!
Еліміз аман, әр күніміз берекелі болсын!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.