Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарымды қаламгермен кездесу

0 64

Өңірімізде балалар әдебиетіне қалам тербеп жүрген ақын-жазушылар аз емес. Олардың әр туындысы – өскелең ұрпаққа үлкен үлгі.

Осыған орай, қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №4 кітапханасында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Марат Құлибайұлының өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Балалар әлеміне қалам тербеткен» атты кездесу кеші өтті.
Шара аясында әуелі оқырмандар назарына жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Сондай-ақ «Талап пен талант иесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Сонымен бірге кітапхана қызметкері К.Сұранқұлова және кітапхананың кішкентай оқырманы А.Нұрлан жазушының «Кішкентай Азамат» атты әңгімесінен көрініс көрсетті.
Өз кезегінде кеш иесі Марат Құлибайұлы журналистикада еңбек еткен тәжірибесімен бөлісіп, кітапхана оқырмандарына алғысын білдірді.

Гүлжанар ЖОЛИНА,
№4 қалалық кітапхананың меңгерушісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.