Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауыл тұрғыны дауыс беруге сәбиімен келді

0 194

Мойынқұм ауданына қарасты Шығанақ ауылының тұрғыны, бала күтіміндегі жас ана – Анастасия Зайцева жас нәрестесімен келіп өз таңдауын жасады.

«Референдумға қатысу – әр азаматтың міндеті деп санаймын, дауыс беру арқылы өз таңдауымды жасадым», – дейді ол.

Референдум – азаматтардың елді басқаруға қатысуының қуатты құралы. Бұл өз пікірін білдіру және ел болашағына әсер ететін шешімге әсер ету мүмкіндігі. Мұндай тақырыптарды талқылау шешім қабылдауға жауапты көзқарасты қалыптастырады және демократиялық процестерді нығайтады. Референдумдар нәтижесінде шикі шешімдердің алды алынып, наразылық пен түсініспеушілік бтуындамайды. Үкімет пен халық арасындағы сенімді дамытуға және нығайтуға ықпал ететін болашақ саясатты әзірлеу кезінде референдум нәтижелерін ескеру маңызды. Бұл үдеріс Қазақстанның алдында тұрған міндеттерді неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасауға және бірлесіп шешуге жағдай жасайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.