Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көне шаһарда қолөнершілер көрмесі басталды

0 262

Бүгін «Көне Тараз» Тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты ІІІ халықаралық қолөнершілер көрмесі басталды.

Ұлттық құндылықты ұлықтаған мазмұнды шараға Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Швейцария, Болгария, Моңғолия, Үндістан мемлекеттерінен келген қолөнершілермен қатар халықаралық қолөнершілер қауымдастықтары, сарапшылар, туризм саласына қатысты мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуда.

Үш күнге жалғасатын ауқымды шара аясында қолөнер бойынша шеберлік сабақтары, «Тараз сарыны» қолөнершілер байқауы, ғылыми-практикалық конференция, «Aspara fashion» сән көрсетілімі, кәдесый бұйымдарын сату жәрмеңкесі және гала-концерт ұйымдастырылады.
Баршаңызды аталған көрмені тамашалауға шақырамыз!
Келіңіздер, көріңіздер!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.