Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент Жолдауы талқыланды

0 38
Тараз қаласының ірі сауда орталықтары – «Ауыл Береке», «Береке», «Яка сарай», «Бек» базарлары мен «Арзан» сауда орталығы сатушыларымен бірге Президент Жолдауын талқыладық.
Кездесу барысында Жолдауда әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету сияқты басымдықтарға айрықша көңіл бөлініп, азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударылғаны және,
6 қазанға белгіленген Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты Республикалық референдумды өткізу мәселерін атап, АЭС салынатын болса экономикамыздың барлық салаларына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң әсер етіп, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік пен оң серпін беретінін, және тұтастай алғанда еліміздің бүкіл экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын кездесуге қатысушыларға жеткізуге тырыстық. Сатушылар референдумға бір кісідей қатысатындықтарын жеткізді.
Эльмира АБДИНОВА,
Тараз қалалық мәслихатының депутаты,
Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы
әмбебап ғылыми кітапханасының директоры
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.