Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

0 38

1 қазаннан бастап Тараз қаласы, Төле би көшесі, №89 «Г»  мекенжайында орналасқан №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімі кезекшілік кестесі бойынша жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін Абай көшесі, 232 мекенжайында орналасқан ХҚКО кезекші болған. 1 қазаннан бастап ол әдеттегі қызмет көрсету кестесіне көшеді, яғни жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Әдеттегі кесте бойынша ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, яғни дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары: Қойгелді көшесі, 158 «А» және Төле би көшесі, 198 «А».

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.