Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шоқ тілді Шона

0 278

Биыл Қазақ руханиятының жоқшысы, сақшысы, сатирик-жазушы Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл толып отыр.

Осыған орай Жамбыл облысы  әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы бірлесіп жас ұрпаққа Шона Смаханұлының шығармалары арқылы өлке тарихын, жер-суын, туған топырақтың қадір-қасиетін ұғындыру, айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына қолдау көрсету мақсатында  «Анамның тілі – қуатым менің» облыстық жас ақындар айтысын өткізді.

Жалпы өңірден сөз додасына түскен  8 айтыскер оқушының ішінен жүлделі ІІІ орынды Жанерке Қамбар иеленсе, ІІ орынға Нұрайым Боранбай табан тіреді. І орынды Жомарт Александр еншілесе, бас жүлде  Інжу Жаңабайға бұйырды.

Ақмарал Ілебаева,
Жамбыл облыстық айтыскер ақындар,
жыршы-термешілер орталығының әдіскері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.