Атом электр станциялары көптеген онжылдықтар бойы электр энергиясының тұрақты көлемін өндіріп келеді, бұл экономикалық өсуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар атом энергиясы – экологиялық жағдайды жақсарту арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайтуға көмектесетін экологиялық таза энергия көзі. Айта кету керек, Қазақстан қазірдің өзінде уран өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады және бұл ресурсты өз мүддесі үшін пайдалану елдің әлемдік нарықтағы позициясын нығайтады.
Асылбек ЖАНТАЕВ,
«ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС бас директоры,
аудандық мәслихаттың 8-ші шақырылымының депутаты.
Байзақ ауданы