Қалалық қоғамдық-саяси газет

Электр энергиясының өндірудің таза тәсілі

0 232

Қазақстан атом электр станциясын салу жоспарымен тұрақты даму мен энергетикалық тәуелсіздікке бет бұруда. Атом энергетикасы – парниктік газдар мен басқа да ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға мүмкіндік беретін электр энергиясын өндірудің экологиялық таза тәсілі.

Ресурстар шектеулі әлемде атом энергиясы дәстүрлі көздерге маңызды балама болады. Қазақстан уранның қомақты қорына ие және бұл бізге электр энергиясының тұрақты көзін қамтамасыз ету үшін өз ресурстарымызды пайдалануға мүмкіндік береді.

Атом станциясының құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашады, экономикалық өсуді және инфрақұрылымды дамытуды қолдайды. Бұл – таза, тұрақты және гүлденген Қазақстанға жасалған қадам!

Алтынбек ЖАМИШЖАНОВ,
Байзақ аудандық мәслихатының депутаты

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.