Қалалық қоғамдық-саяси газет

Саяси науқанның басты бағыттары айқындалды

0 2  680

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдум өткізу жөніндегі науқан шеңберінде Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынның күн тәртібінде «республикалық референдум туралы заңнаманы жаңарту», «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдум қарсаңындағы үгіт», «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды өткізу кезіндегі шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері», «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері» секілді маңызды мәселелер қаралды.
Отырысқа облыстық аумақтық референдум комиссиясының толық құрамы мен қалалық және аудандық аумақтық референдум комиссияларының өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын мүшелері қатысты.
Комиссия отырысын ашқан облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов, Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес, атом электр станциясын салу мәселесі азаматтардың пікірін ескеру мақсатында жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін атап өтті. Сондай-ақ ол өз кезегінде республикалық референдум тағайындалған сәттен бастап тиісті сайлау комиссиялары референдум комиссияларының функцияларын орындайтынын, референдумды дайындауды және өткізуді ұйымдастыратынын кеңінен түсіндірді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық референдум комиссиясының мүшесі Е.Жапаров сөз сөйледі.
Ол ағымдағы жылдың 5 шілдесінде республикалық референдум туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында тиісті Конституциялық заңға түзетулер қабылданғанын хабарлады.
Е.Жапаров отырыс қатысушыларына референдум туралы жаңартылған заңнаманы түсіндірді. Негізгі жаңашылдықтардың қатарында – ұлттық және халықаралық байқаушылардың, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдерінің құқықтары мен міндеттерін бекіту (бұрын бұл мәселе референдум туралы заңнамамен реттелмеген, осыған байланысты сайлау туралы Конституциялық заңға сілтеме нормасы көзделген).
Сондай-ақ жаңартылған заңнамада бұқаралық ақпарат құралдарының референдумды әзірлеу мен өткізу барысын жария ету тәртібі айқындалады (осы мәселеде бірыңғай қолдану практикасы мақсатында сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес өзгерістер енгізілді).
Референдум өткізу кезеңінде қоғамдық пікірге сауал салу жүргізудің негізгі аспектілері түсіндірілді, олар түзетулерге сәйкес, сайлау заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.