Қалалық қоғамдық-саяси газет

Инвестиция игілігін ел көреді

0 226

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев баспасөз конференциясын өткізуде. Өз сөзінде Ербол Шырақпайұлы облысқа инвестиция тарту жұмыстарына тоқталды.

– Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 702 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Қазіргі таңда 1432 жұмыс орнын құрумен 228,5 млрд теңгеге 19 жоба жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері біз жалпы құны 139 млрд теңгені құрайтын 12 жобаны енгіздік, бұл облыста 405 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Өңірде жаңа өңдеу зауыты, ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсететін сервистік орталық, құм қиыршық тас шығаратын завод, сүт өнімдерін өңдейтін цех іске қосылып, «Жайсаң» мыс кен орнын игеру жұмыстары басталды.

Облыстың инвестициялық қоржыны жалпы құны 2,5 трлн теңгені құрайтын 70 жобаны құрайды, оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 1,8 трлн теңгені құрайтын 13 жоба бар. Бұл жобаларды жүзеге асыру қосымша 6,3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Өңірге инвестиция тарту бойынша жұмысымыз аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін өндіріс орындарының жетіспеушілігі мәселесіне тап болдық, – деді Е. Қарашөкеев.

Сондай-ақ қалыптасқан жағдайды шешу үшін біз инвесторларға аумағы 40 мың шаршы метрді құрайтын заманауи өндіріс орындарын салуды ұйғарылған.

«Тараз» ӘКК» АҚ ағымдағы жылдың тамыз айында «Тараз» ИА және «Жібек жолы» АЭА аумағында жалпы құны 4,6 млрд теңгеге 3 жобаны қаржыландырмақ. Оларды іске қосу 2024 жылдың соңы мен 2025 жылдың басына жоспарланған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.