Қалалық қоғамдық-саяси газет

2023 жылы 201,2 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

0 267

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен баспасөз конференциясында мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерге тоқталды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста 2021 жылы 106,3 мың, 2022 жылы 201,1 мың, 2023 жылы 201,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал ағымдағы жылға жоспар 80 мың гектар болып бекітіліп, 8 айдың қорытындысымен 87,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жерлер өңірдің экономикасын дамыту мақсатында және жерлердің бос қалмауын ескеріп қайта айналымға енгізілуде. Мәселен, ағымдағы 8 айында 46,9 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды. Сондай-ақ кәсіпкерлік мақсатта жердің сауда саттығын жүргізу арқылы 54 аукцион ұйымдастырылып облыс бюджетіне 157 миллион теңге түсім түсті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.