Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мектепке жол» – қайырымдылық бастауы

0 66

Алғашқы қоңырау соғылып, балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Жыл сайын бағасы шарықтай түсетін оқу-құралдары мен мектеп формасын сатып алуды баршаның қалтасы бірдей көтере бермейтіні рас. Ал жаңа оқу жылына даярланып жатқан ата-аналар мен балалардың осынау қарбалас сәтінде азаматтық қоғам қандай көмек қолын соза алады? Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы – мектеп оқушыларының осы сәттегі қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі шара.

Аталған қайырымдылық акциясы биыл 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Науқанның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету.
Акцияны өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, ұйымдастыру комитеті құрылды.
Осы ретте маңыздылығын ескере отырып, кәсіпорындар, бизнес өкілдерін барынша атсалысуға шақырамыз!
Әлеуметтік көмек көрсету туралы сұрақтар болса, білім басқармасы мен білім бөлімдеріне хабарласуға болады.
Тағы бір айта кетерлігі, акцияны өткізу барысында балалардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, көмекті наразылық тудырмайтындай, жеке-жеке көрсету қажет. Яғни балалардың суреті жарияланбауға тиіс.
Акцияға байланысты білім басқармасында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін ата-аналардың өтініштері бойынша «жедел желі» жұмыс істейді. Байланыс телефондары – 43-88-39, 43-88-32, 43-88-25.

«JT-ақпарат»

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.